2019 жылы жұмыс істемейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар Т32 млрд астам грант пен шағын несие алады

Күні: 16:00, 26-03-2019.

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – 2019 жылы жұмыс істемейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға Т32 млрд астам грант пен шағын несие беріледі, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Жастарды жұмыспен қамту мәселесін бақылауда ұстау аса маңызды. Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту қажет. Бұл үшін Жол картасында жұмыс істемейтін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға «Жас кәсіпкер» жобасының шеңберінде шағын несиелер мен гранттар беру жөнінде бірқатар шаралар көзделген, аталған жобаға 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деп хабарлады сейсенбі күні премьер-министр Асқар Мамин.
Үкімет отырысында ол әкімдіктер тиісті министрліктермен бірге жастарға жыл сайын кемінде бір мың жалдамалы пәтер беру құралын айқындау жөніндегі жұмысты жеделдетуі керек екенін атап өтті.
«Жол картасында «Жас маман» жобасы шеңберінде сұраныс бар 100 кәсіп бойынша 200 оқу орнын (180 колледж бен 20 ЖОО) жаңғыртуға 57 млрд теңгеден астам қаражат көзделген», - деді Мамин.
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Білім және ғылым министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, өңірлердің әкімдіктерімен бірге осы жобаға қатысатын оқу орындары мен кәсіптер тізбесін айқындауды жеделдетуді тапсырды.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірге Жол картасын сапалы іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: