2020-2022 жылдары мемақпарат тапсырысын орналастыруға ҚР билігі Т145 млрд жұмсамақ

Астана. 7 шілде. ҚазТАГ – 2020-2022 жылдары мемақпарат тапсырысын орналастыруға ҚР билігі Т145 млрд жұмсамақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бюджеттік кіші бағдарлама: 003100 – мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру; бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығындар қорытындысы (мың теңгемен – ҚазТАГ): 2020 - 46 103 543, 2021 - 48 598 306; 2022 - 50 595 541», - делінген «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» 003 бюджеттік бағдарламасы жобасында.
Осылайша, мәселе Т145 297 390 000 сомасы жайында.
2019 жылға мемақпараттық тапсырысты орналастыруға жобада Т44 876 608 000 сома көрсетілген екен.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Мемақпараттық тапсырысты орналастыру тізімінде келесі БАҚ-тар бар: inform.kz, bnews.kz, kaztube.kz және ruh.kz.

adimage