2020 ж. дейін Алматы облысы қоғамдық сананы жаңғыртуға Т37 млрд жұмсауға ниетті

Күні: 15:41, 28-09-2018.

Талдықорған. 28 қыркүйек.ҚазТАГ – 2020 ж. дейін Алматы облысы қоғамдық сананы жаңғырту үшін Т37 млрд жұмсауға ниетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Жалпы 2022 жылға дейін  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына», «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» секілді бағыттарын жүзеге асыруға Т37,1 млрд бөлу қарастырылған», - деді Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рүстем Алпысбаев жұма күні облыстық мәслихат жанындағы тұрақты комиссия отырысы барысында.  
Ол сондай-ақ, бүгінгі таңда жүзеге асырылған үлкен жобалардың ішінде «Welcome too Zhetysu» фильмін, Қазақстанның киелі жерлері бойынша блок-турлар ұйымдастыруды, түрлі мобильді қосымшаларды ұйымдастыруды, облыстың тарихи нысандарымен элеткронды форматта танысуға мүмкіндік беретін «Жетісу-360» виртуалды мұражайын және тағы басқаларын айтуға болатынын айтты.  


Жаңалықтармен бөлісу: