Астана. 16 шілде. ҚазТАГ – 2020 жылдан бастап оңтайландырылған декларацияға көшу кәсіпкерлерді табыстарын жасыруға итермелейді, деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) баспасөз қызметінен.
«Оңтайландырылған декларацияға өту сауда субъектілерін «көлеңкелі» нарықтан шығуын қарастырмайды, керісінше, кәсіпкерлерді табыстарын жасыруға итермейлейтін болады. Өйткені салық режимінің бұл өзгерісі бизнестен қосымша шығын талап етеді», - деп мәлімдеді ұлттық палатаның сауда департаментінің директоры Нұрлыбек Мұқанов.
Сауда саласы 2020 жылдан бастап оңтайландырылған режимге толығымен өтуі керек. 2020 жыл 1 қаңтардан бастап сатылған тауар үшін барлық ақшалай есептер бақылау-кассалық машиналарды қолдану арқылы жүзеге асатын болады.
«Атамекен» жылдық айналымы 8,9 млн теңгені, патент бойынша таза табысы 115 590 теңгені құрайтын кәсіпорынға талдау жүргізді. Салықтың 1%-ға аздап қана өзгеруі (айналымнан 2%-дан 3%-ға дейін) шағын кәсіпкерлік субъектісінің таза табысын 36%-ға қысқартуға әкеп соғады», - делінген хабарда.
Сонда, Мұқанов нақтылағандай, кәсіпорынның сол қаражат айналымынан түскен таза табысы небәрі 73 716 теңгені құрайды.
«Салықтық төлемдер болса еш өзгермейді, ал таза табыс банк шотын ашу және қызмет көрсету, POS-терминалды жалға алу, бақылау-кассалық машинаны қарау, интернет қызметтерін төлеу сынды қосымша шығындар салдарынан қысқарады», - деп түсіндірді сарапшы.
Нәтижесінде бюджетке түсетін қосымша түсімдердің көлемі 915 млн теңгені, тысқары ұйымдардың табысы (екінші деңгейлі банктер, «Қазақтелеком» АҚ, бақылау-кассалық машиналарды сататын және қызмет көрсеттін ұйымдар) 3,9 млрд теңгені құрамақ.
«Қазақстанның тікелей сатылымдар қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Анастасия Калашниковның айтуынша, бизнес өкілдері оңтайландырылған декларациямен жұмыс істеуге қарсы емес, алайда цифрландыру, сонымен қатар бухгалтерлік есептердің қиындауы қосымша қаржылық ауыртпалыққа әкеп соғады.
«Бизнес өкілдері енді бухгалтерлерді жалдауға мәжбүр, ал патент негізінде кәсіпкерлер ешкімді жалдамай-ақ өздері жұмыс істейтін», - деді Калашникова.
Өз кезегінде Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев сатылымдар көлемінің артуы және бәсекенің болуы қызметтердің құнын төмендетуге әкеп соғатынын айтты. Алайда тарифтерді төмендету қызмет көрсетуші компаниялар және банк секторы тарапынан байқалмайды.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы банк тарифтерін қайта қарауды ҚР Ұлттық Банктен сұрады. Қазіргі таңда банк қызметтері банк карточкалары бір банк немесе банкаралық операциялар шеңберінде қызмет көрсетуге байланысты ерекшеленеді және 0,5%-дан 2,5%-ға дейінгі аралықта құбылады», - делінген хабарда.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитені басқармасының жетекшісі Гүлмира Смағұлованың айтуынша, оңтайландырылған декларацияға өту бақылау-кассалық машиналарына өтуімен байлнаысты емес. Оңтайландырылған декларацияның патенттен айырмашылығы – салықтық мөлшерлемеде ғана. Бұған дейін салықтық мөлшерлеменің көлемі 2%-ды құраған, ал арнайы салық режимімен оның көлемі 3%-ды құрайды (табыстан түсетін жеке табыс салығы (түсім) –15%, табыстан түсетін әлеуметтік табыс (ӘС) –1,5%).
«Бұл сұрақ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәселесі емес, бірақ біз бұл туралы білеміз, әр тарифтерді қайта қарау мәселесін бірнеше рет көтергенбіз. Сонымен қатар кез келген кәсіпкер өзінің жеке табыс салағының сомасын бақылау-кассалық машинасын сатып алу кезінде 50%-ға (60 мың теңгеден көп емес) азайта алады. Бұл өзгерістер үшқұрауышты интеграциялық жүйені сатып алушылар үшін де қатысты, осындай кәсіпкерлер салықтың жыл сайынғы сомасын 60 мыңға дейін екі жыл бойы төмендетуге мүмкіндік алады», - деді Смағұлова.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34