Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ – 2020 жылдың басынан бастап таратылған банк салымшыларына төлем төлеу мерзімі 35 жұмыс күніне дейін қысқарады, деп хабарлады Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры баспасөз қызметінен.
«Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан банк айырған күннен бастап 35 жұмыс күнінен кешіктірмей ҚДКБҚ резервінен төлем алады», - делінген сейсенбі күні қор таратқан хабарда.
Құжатқа сәйкес, банк лицензиясынан айырылған сәттен бастап жаңа заңнамаға сәйкес: 20 жұмыс күні уақытша әкімшілік үшін лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке беру мүмкіндігі туралы шешім шығару үшін көзделген болады, егер лицензиясынан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке беру туралы шешім қабылданбаса, онда 10 жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік салымшылар алдындағы міндеттемелер тізілімін қалыптастырады, келесі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ҚДКБҚ агент-банк бөлімшелері арқылы төлемді бастайды. .
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда банк дәрменсіз болған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) резервінен салымшыларға өтем төлеу мерзімін қысқартуы қарастырылған», - делінген құжатта
Қор ақпарынша, қазақстандықтардың депозиттік шоттарының 99,8% жинақталған сыйақыны есепке ала отырып, толық сомаға ҚДКБҚ кепілдігімен қорғалған
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08