Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 2020 жылдың басында Қазақстан банктеріндегі мерзімі өткен кредиттер сомасы Т1,8 трлн асты, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 1 қаңтарында төлем мерзімі өткен кредиттер екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) ссудалық портфелінде 12,24% немесе Т1,805 трлн құрады», - деп көрсетілген сейсенбідегі Ұлттық банк сайтында орналасқан ЕДБ қаржылық көрсеткіштері бойынша есепте.
Сонымен қатар, төлем мерзімі 90 күннен асқан кредиттер 8,13% немесе Т1,2 трлн. құрады.
1 қаңтарда мерзімі өткен кредиттер сомасы барынша көбі «Jysan Bank» АҚ– Т403 млрд. бұл көрсеткіш бойныша одан төмендері «Қазақстан Халық банкі» АҚ –Т363 млрд, «АТФ Банк» АҚ – Т169 млрд, «Евразиялық Банк» АҚ –Т154 млрд, «Kaspi Bank» АҚ – Т144 млрд.
Банк активтері Т26,8 трлн асты, ссудалық портфель – Т14,7 трлн, міндеттемелер – Т23 трлн.
2020 жылдың басында банктердегі жеке тұлғалар салымдары асты, Ұлттық банк ақпарынша, Т9,3 трлн, заңды тұлғалар – Т8,7 трлн.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,45-ке өсіп, Т443,77 болды24 Сәуiр 2024, 17:50
-
Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Астанаға келді24 Сәуiр 2024, 17:45
-
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі24 Сәуiр 2024, 17:22