2020 жылдың көктемінен бастап Алматы тауларында 70 туристке көмек көрсетілді

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – 2020 жылдың көктемінен бастап Алматы тауларында 68 туристке көмек көрсетілді, деп хабарлады қаланың құтқару қызметінен.
«109-бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің ақпарынша, 2020 жылғы көктемнен 28 қыркүйекке дейін 37 рет қоңырау түскен. Жыл басынан бері құтқарушылар биік тау шыңынан 4 адамды құтқарып, қайтыс болған 1 адамды түсірді. Барлығы осы уақыт аралығында тауда адасқан, жарақат алған 68 турист құтқарылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, өткен жексенбіде Медеу тау шаңғысы курорты маңындағы «Горельник» сарқырамасы маңындааяғын қайырып алған 55 жастағы әйелді құтқарған.
«27 қыркүйекте түскі 15:30-те «109» қызметі Медеу тау шаңғысы курорты маңындағы «Горельник» сарқырамасы маңында 55 жастағы әйелдің аяғын қайырып алғаны туралы хабарлама түсті. Бұл әйелді құтқаруға 5 адамнан тұратын экипаж жіберілді. Жарақат алған әйел теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте орналасқан Горельник сарқырамасы жанынан табылды. Оның сол аяғының тізесі шығып кеткен. Алғашқы көмек көрсетілген соң мамандар әйелді арнайы құтқару зембіліне салып, төмендегі жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Турист №4 ауруханаға жеткізілді», - делінген баспасөз парақшасында.
Осыған байланысты Алматы қаласы құтқару қызметі туристерден жастарына, денсаулықтары мен дайындықтарына қарамастан тауларда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

adimage