2020 жылы Алматыда балет театры мен конресс-орталық салынады

Алматы. 28 маусым. ҚазТАГ –2020 жылы Алматыда балет театры мен конресс-орталық салынады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Алматыны дамытудың 50 жоба-драйверлері» бастамасы аясында 2020 жылы жеке инвестициялар есебінен балет театры мен заманауи конгресс-орталық салынады», - делінген жұмадағы хабарда.
Сонымен, балет театры Әл-Фараби даңғылы бойы мен Назарбаев даңғылының батысындағы ұзақ уақыт бос жатқан жерде бой көтереді.
Бұдан бөлек, жыл аяғына дейін Республика алаңын, Достық даңғылын, Байсеитова мен Жібек жолы көшелерін, Верный обсерваториясын, Алматы зоопаркін, Медеудегі Шынығу баспалдақтарын, Мыңжылдық фонтанын, қаланың барлық сегіз ауданындағы өтпелі аймақтарды реконструкциялау аяқталады.

adimage