2020 жылы Қазақстанда ресми түрде «Еріктілер жылы» (волонтерлер жылы) деп жарияланды

Күні: 17:30, 27-08-2019.

Астана 27 тамыз. ҚазТАГ - 2020 ресми түрде Қазақстанда волотерлер жылы болып жарияланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Волонтерлікті дамыту мақсатында қаулы етемін:
1.    2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын.
2.    Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
3.    Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген сейсенбіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.


Жаңалықтармен бөлісу: