2020 жылы Қазақстанда тағы 5,5 мың жолды ақылы қылады

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – Согдиана Идрисова. 2020 жылы Қазақстанда тағы 5,5 мың жолды ақылы қылады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Келесі жылы тағы да 5,5 мың км жолда төлем  алу жүйесін енгізу жоспарлануда, бұл көлік жолдарына көрсетілетін қызмет шығындарын барынша қысқартуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді бейсенбіде Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.
Министрдің айтуынша, көлік жолдарының нормативті ұсталуын және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жол жүргені үшін төлем алу жүйесін енгізу жобасын жүзеге асыру жалғасуда.
«Осы жылдың басында келесі жол бөліктерінде төлем алу басталды: Алматы–Қорғас (295 км), Алматы–Қапшагай (42 км) және Астана–Теміртау (134 км) жалпы қашықтығы 471 км», - деп хабардар етті ИИДМ басшысы.
Жалпы 2019 жылдың қорытындысы бойынша, Склярдың айтуынша, ақылы учаскелер бойынша жыл сайынғы алым (төрт учаске)Т5,4 млрд құрайды, ал аталмыш жолдарды ұстауға қажет қаржыландырудың нормативті қажеттілігі Т3,2 млрд.

adimage