2020 жылы Қазақстанда тоғыз бастамашы топтың алтауына партиясын тіркеуден бас тартқан

Күні: 18:31, 22-01-2021.

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. 2020 жылы Қазақстанда тоғыз бастамашы топтың алтауына партиясын тіркеуден бас тартқан, деп хабарлады әділет министрі Марат Бекетаев.
«2020 жылы тоғыз партия өтініш берді. Өздеріңіз білетіндей екі кезең бар: біріншіден партияны құрығсы келетін адамдар өтініш береді. Егер өтініштері талапқа сәйкес келсе, олар екінші кезеңге өтеді – съезд өткізіп, қол жинайды. 2020 жылы тоғыз өтініш түсті. Олардың алтауының құжаттары заңнама талаптарына сәйкес келмеді, сондықтан оларға рұқсат берілмеді. Олар кемшіліктерін қайта түзетіп, қайтадан өтініш бере алады. Ал талаптарға сәйкес келген үш топқа хабарлама жіберілді, олар съезд өткізіп, құжаттарын тапсырулары керек болатын. Адамдардың бір тобы съезд өткізді, құжаттар пакетін тапсырды. Қазір олар тексеріліп жатыр», - деді Бекетаев жұмадағы брифингте.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ұсынылған мәліметтерді басқа мемлекеттік органдар тексеруде.
Бұл ретте Бекетаев мәлімдегендей, нақты кімнің өтінім бергенін және кімдерге рұқсат берілмегенін айтуға құқығы жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: