2020 жылы қазақстандықтар қалай демалады

Астана. 31 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстандықтар 2020 жылы әдеттегі демалыстан басқа мерекелерге орай тағы да 23 күн демалатын болады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
eGov ашық үкімет порталындағы 2020 жылға арналған Қазақстан Республикасының мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қаңтар айында жаңа жылдың алғашқы күндері -1-2 қаңтар, және жексенбінің 3 қаңтарға ауыстырылуына орай қатарынан 1-4 қаңтар аралығында демелады. Сонымен қатар, сейсенбі 7 қаңтар да демалыс болады, ол күні православиелік Рождество аталып өтеді.
Ал Халықаралық әйелдер күні 2020 жылдың жексенбісіне сәйкес келуіне байланысты, ол дүйсенбіге ауыстырылады, ал үш күн (21, 22 және 23 наурыз) тойланатын Наурыз мейрамының алғашқы екі күні де сенбі мен жексенбіге сәйкес келіп тұр, сондықтан олар да сейсенбі мен сәрсенбіге (24, 25 наурыз) ауыстырылады. Сәйкесінше, наурызда қазақстандықтар әдеттегі демалыстан басқа 14 күн демалады.
Мамырда Қазақстан Бірлігі мерекесінен (1 мамыр) басқа Отан қоррғаушылар күні (7 мамыр) және Жеңіс күні (9 мамыр) атап өтілуіне орай төрт күн қатарынан демалады, ол күндер де 2020 жылы сенбіге сәйкес келуіне орай демалыс күндері тағы да ауыстырылады, сөйтіп қазақстандықтар 7-10 мамыр аралығында демалады.
Шілдеде екі мейрам бар, Астана күні - 6 шілдеде және Құрбан Айттың алғашқы күні – 2020 жылы ол 31 шілдеге сәйкес келіп отыр.
2020 жылы Конституция күнінің (30 тамыз) жексенбіге сәйкес келуіне орай ол күн де ауыстырылып, тамызда 29-31 тамыз аралығында үш күн демалатын боламыз.
2020 жылдың соңғы демалыс күндері -1 желтоқсанда Тұңғыш президент күні аталып өтеді. Ал ресми түрде екі күн атап өтілетін Тәуелсіздік күні (16 және 17 желтоқсан) 20 желтоқсандағы жексенбі жұма 18 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша соңғы айда қазақстандықтар Тәуелсіздік күні қатарынан төрт күн демалады – 16-19 желтоқсан.

adimage