2020 жылы барлық мектептер мен балабақшалар бейнебақылау камераларымен жабдықталады – ҚР БҒМ

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. 2020 жылы барлық мектептер мен балабақшалар бейнебақылау камераларымен жабдықталады, деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Балалар өмірі үшін жайлы және игілікті орта қалыптастырумен байланысты проблеманы шешудің өзектілігі сақталып отыр. Соған байланысты ҚР БҒМ келесідей шараларды қабылдамақ: 2020 жылы барлық мектептер мен балабақшаларды видеобақылау камераларымен 100% жабдықтау», - деді дүйсенбі күні білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжілісте 2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың алдын-ала қорытындысы туралы үкімет сағатында
БҒМ атап өткендей, бұл ретте осы саладағы жекелеген мемлекеттік қызметтер коммерциялық емес ұйымдар мен ҮЕҰ-ға беріледі, ал балалар құқығын қорғау саласындағы мамандардың штаттық саны көбейтіледі. Сонымен қатар, Баланың амандығы индексі енгізіледі.

adimage