2020 жылы Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарға Т2,8 млрд айыппұл салынды

Ақтау. 23 қараша. ҚазТАГ – 2020 жылы Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарға Т2,8 млрд айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Биыл Маңғыстау облысы бойынша кәсіпорындарға қоршаған ортаға келтірген зияны үшін 2,8 млрд теңге айыппұл салынып, оның 90% -ы өндірілген», - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өңірлік департамент директоры Руслан Төкенов.
Сонымен қатар, Төкенов өңірдегі экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі Жол картасын егжей-тегжейлі түсіндірді.
«Жол картасы жеті тараудан, отыз алты бөлімнен тұрады. Шығарындыларды азайту, көгалдандыру, қалдықтарды басқару, тарихи ластану орындарын реттеу, биоалуантүрлілікті қорғау және тағы да басқа экологиялық мәселелердің бәрі осы құжатқа енгізілген. Министрдің тапсырмасы бойынша, біз тоқсан сайын жергілікті халықпен кездесіп, атқарылған жұмыс бойынша есеп беріп отырамыз. Онда шешілген мәселелерді, шешімін таппаған дүниелерді баяндап, себебін де түсіндіреміз», - деді департамент басшысы.

adimage