2020 жылы проинфляциялық тәуекелдер іске асуы мүмкін - Ұлттық банк

Күні: 19:20, 13-03-2019.

Алматы. 13 наурыз. ҚазТАГ – Болжамдарға сәйкес, болжамның ішкі және сыртқы алғышарттарын ескерсек, 2019 жылы жылдық инфляция таргеттелетін 4-6%-дық дәліз шегінде болады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банктен.
«2020 жылғы бағалау бойынша проинфляциялық тәуекелдер іске асуы мүмкін. Біріншіден, реттелетін қызметтер тарифтерінің төмендеуі инфляцияға жағымды ықпал етпейді. Екіншіден, фискалдық ынталандырумен байланысты тұтынушылық сұраныстың өсуі сақталады. Сонымен қатар әлемдік азық-түлік инфляциясының серпіні Қазақстандағы азық-түлік инфляциясының өсуіне болжамдық перспективада әсер етеді», - делінген хабарда.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бүкіл болжам кезеңінде базалық сценарий ретінде мұнай бағасының бір баррель үшін 60 АҚШ доллары болатын сценарийді қарастырды.
«Өткен болжамдық раундпен салыстырғанда тәуекел профилі сыртқы тәуекелдердің аздап әлсіреуін қоспағанда, жалпы алғанда айтарлықтай өзгерген жоқ. Атап айтқанда, мұнай бағасының тұрақтануы аясында оның құлдырау тәуекелі және АҚШ ФРЖ айтарлықтай жеңіл саясаты жағдайында дамушы нарықтардан капиталдың әкетілу тәуекелі төмендеді. Сонымен қатар тұтынушылық сұраныс және фискалдық серпін тарапынан проинфляциялық тәуекелдердің жоғары деңгейде сақталғанын атап өткен жөн», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: