2020 жылы ҚР-да пилоттық режимде жаңа сертификаттау және қызметкерлердің біліктілігін тану жүйесі іске қосылады

Күні: 12:23, 17-02-2020.

Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ – 2020 жылы Қазақстанда пилоттық режимде жаңа сертификаттау және қызметкерлердің біліктілігін тану жүйесі іске қосылады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) 2020 жылы пилоттық режимде жаңа сертификаттау және қызметкерлердің біліктілігін тану жүйесін сынақтан өткізуді жоспарлап отыр», - деді 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша алқа отырысында ведомствоның басшысы Біржан Нұрымбетов.
Оның айтуынша, «үкімет пен Еңбекмині Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізгенін атап өтті».
«Оның негізгі элементтері қазірдің өзінде қалыптастырылды, Дүниежүзілік банктің қаржылай қолдауымен 2019 жылы 2784 мамандық бойынша 480 кәсіптік стандарт бекітілді. Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады. Әлеуметтік және еңбек саласын, оның ішінде Ұлттық біліктілік жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу үшін Ұлттық кеңес құрылды. Кадрларға қажеттілікті болжау жүргізіледі. Болжам жыл сайын қысқа мерзімді кезеңге (1 жыл), орта мерзімді кезеңге (5 жыл), ұзақ мерзімді кезеңге (2050 жылға дейін) қалыптастырылады», - деді министр.
Болжамдау нәтижелері мамандарды даярлау үшін (ТжКБ, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар) мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыруда пайдаланылады.
«Ел президентінің сайлау алдындағы бағдарламасының міндеттерін іске асыру үшін еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктердің атласы әзірленетін болады. Атлас 9 басым сала бойынша жаңа, өзгермелі және талап етілмейтін кәсіптерді біріктіреді», - деді Нұрымбетов.
Оның айтуынша, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм, құрылыс, тау-кен металлургиясы басым салаларға жатады.


Жаңалықтармен бөлісу: