Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Азиза Жамалиева. 2020 жылы шегірткемен күреске Қазақстанда республикалық бюджеттен Т1 млрд бөлінді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылы шегіртке тектес зиянкестер 554 мың гектар алқапта таралуы мүмкін деп күтілуде. Шегірткеге қарсы күрес үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген. Аталған қаражат барлық болжамдалған алқапқа пестицидтерді және химиялық өңдеуді сатып алуға мүмкіндік береді», - делінген жұма күні Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігі отырысының қорытындысы бойынша таратылған хабарда.
Қос тарап 2019 жылы жүргізілген іс-шаралар, шекаралас аумақтардағы шегіртке зиянкестерінің дамуы мен таралуы, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және аурулармен күресу іс-шаралар туралы ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, осы бағытта өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Хабарда нақтылағадай, орталық қоймада жалпы 47,5 мың литр пестицид қоры бар. 2020 жылы шегіртке тектес зиянкестердің үйірлі түрлеріне қарсы қорғаныс іс-шараларын жүргізу үшін 148 бірлік арнайы техника: оның ішінде 119 бірлік жерүсті бүріккіштері, 10 ұшақ, 10 бірлік аса жеңіл әуе кемесі (АЖӘК) және 9 бірлік аэрозольді генераторлар (ГАРД) жұмылдырылатын болады. Бүгінгі күні шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс іс-шараларын уақытылы ұйымдастыру үшін дайындық шаралары аяқталуға жақын.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08