2021 жылы Жамбыл облысындағы жарылыста жоғалып кеткен өрт сөндірушінің сүйегі табылды

Тараз. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – 2021 жылы Жамбыл облысындағы жарылыста жоғалып кеткен өрт сөндіруші Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды. Іздеу жұмыстары Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларындағы өрт пен жарылыстан кейін 2021 жылғы 26 тамыздан бастап жүргізілді. Сүйек қалдықтарын бөлімнің әскери қызметшілері іздеу жұмыстары барысында тапты. Молекулярлық-генетикалық сараптама оның Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін көрсетті», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Қорғанысминінің ақпарынша, жоғалған әскери қызметкердің сүйегінің қалдықтары мен қандас туыстарының ДНК талдаулары толығымен сәйкес келді.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына жерлеу шығындары, атқаратын лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. Сондай-ақ тұрғын үй сатып алу үшін төлем қарастырылған. Оның мөлшері әскери қызметші қызмет еткен аймаққа және отбасы мүшелерінің санына байланысты. Сонымен қатар, марқұмның балаларын оқытуға және жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі. Қарулы күштердің жеке құрамы орны толмас шығынға байланысты марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деді қорғаныс ведомствосынан.
Еске салсақ, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрттің салдарынан белгісіз заттардың жарылуы болды, кейінірек Қорғаныс министрлігі алты жарылыс туралы хабарлады, бірақ содан кейін тіркелген жарылыстардың саны 10-нан асты, олардың соңғысы 29 тамызда болды.
Сол кезде 17 адам қаза болғаны белгілі болды. Марқұмдар қайтыс болғанннан кейін марапатталды.


adimage