2030 жылға қарай Қазақстан халқы 20,3 млн-нан асып жығылады, деп болжайды Дүйсенова

Күні: 17:59, 12-11-2014.

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстан халқы 2030 жылға дейін 3 млн адамға өседі, деп болжайды ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
«Министрліктің мәліметінше, 2030 жылға қарай (Қазақстанның – ҚазТАГ) 20,314 млгн адам барлық халқының 2,5 млн-ға жуық халқы Алматы облысына тиесілі болады, Жамбыл облысына - 1,249 млн, Оңтүстік Қазақстанға - 3,362 млн, Астана мен Алматы қалаларына - 3,3 млн адамға жуық», - деді Т. Дүйсенова сәрсенбі күні парламент мәжілісінің көші-қон мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел отырысында.
«Бұл (ҚР бүкіл халқының – ҚазТАГ) 52,7%-ын құрайтын болады, яғни, Қазақстан халқының 10 млн-ы осы 5 өңірде болады», - деп толықтырды министр.
Ведомство басшысы 16 жыл ішінде ел халқының саны 3,3 млн адамға, яғни 20%-ға ұлғаятынын атап өтті.
«Сонымен қатар, дамыған елдерде 2030 жылға қарай халық өсімі 3-6%-ды құрамақ, тек АҚШ, Канада мен Аустралияны санамағанда, оларда халық өсімі 13-16%-ды құрайды. Ресейде 3-4%-ға төмендеу (болжанып отыр – ҚазТАГ), Қытайда 3-4%-ға өсім, Бразилияда – 10-12%-ға өсім, Үндістанда – 20%-ға өсім. Халықаралық сарапшылардың мәліметі бойынша, Үндістан 2020 жылға таман халық саны жағынан Қытайдың алдын орап кетуі тиіс», - деп түйіндеді Т. Дүйсенова.


Жаңалықтармен бөлісу: