Астана. 21 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. 2030 жылға қарай қазақстандық елді мекендерге газ тартуға 656 млрд теңге инвестицияланады, деп мәлімдеді ҚР энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.
«2030 жылға қарай бас кестеге сай мына көрсеткіштер бағындырылады, ішкі нарық көлемі 11 млрд-тан 18 млрд-қа артып, аталмыш бағдарламаны іске асыруға салынған инвестиция сомасы 656 млрд теңгені құрайды», - деді Ұ. Қарабалин сейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, ҚР газ тарту бойынша бас схеманың тиісті жобасы бүгін үкімет отырысында таныстырылған.
Схеманың өзі ҚР аумақтық мекемесі схемасымен үйлесімде әзірленген және оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Ұ.Қарабалин болашағы жоқ, базалық және оптимистік сценарий дайындалғанын және солардың арасынан базалық сценарийдің бекітілгенін мәлім етті.
Сонымен бірге, ол абоненттер санының артуы 1,4 млн-нан 2,9 млн-ға, отбасы мүшелерінің орташа саны коэффицентімен есептесек, онда көгілдір отын 5 млн адамның орнына 12 млн адамға қолжетімді болатынын айтты.
Оның айтуынша, жаңа газ құбырларының құрылысы мен олардың 28,5 мың шақырымнан 57,5 мың шақырымға дейін ұзартылуы көзделуде (Астанаға дейін, Бейнеу-Бозой-Шымкент, Алматы-Талдықорған газ құбыры).
Қазіргі таңда Қазақстандағы 16 өңірдің 10-ына газ тартылған, оның ішінде батыс және оңтүстік өңірлер мен Алматы қаласы бар, ал газдандыру деңгейі Алматы облысындағы 19% бен Маңғыстау облысындағы 99% аралығында құбылып тұр.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанның СІМ Қытаймен визасыз режим екі-үш айда күшіне енеді деп күтуде29 Мамыр 2023, 19:31
-
Туған қыздарын зорлады деген күдікпен ер адам Алматы облысында қамауға алынды29 Мамыр 2023, 19:20