21 қазанға Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:49, 20-10-2020.

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – 21 қазанға Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 қазанда күндіз Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«Күндіз 21 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«21 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 21 қазанда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.
«Күндіз 21 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: күндіз 21 қазанда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп жазды баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«21 қазанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 21 қазанда күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деді мамандар.
Дауылдың ықтималдығы - 90-95%.
«21 қазан түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 21 қазан түнде және таңертен тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, күндіз екпіні 18 м/с», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: