Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ – 21 сәуірде Алматыда марафонның өтуіне байланысты бірқатар көшелердегі жол қозғалысы жабылады, деп хабарлады ұйымдастыру комитетінен.
«Almaty Marathon ұйымдастырушылық комитеті қала тұрғындары мен қонақтарын жарыс кезінде оңтүстік астанадағы жолдардың ішінара жабылатыны туралы хабардар етеді. Бұл күні сағат 05:00-ден 14:00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жолдар қозғалысы жартылай тоқтатылады. Сәтпаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін қозғалыс 20 сәуірде сағат күндізгі 14.00-ден бастап 21 сәуір 17.00-ге дейін тоқтатылады. Жолдардың барлығы толық жабылады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Сондай-ақ, Назарбаев даңғылы бойымен Сәтпаев көшесінен бастап Әл-Фараби дағылына дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 12:00 дейін тоқтатылады. Жолдардың барлығы толық жабылады
«Әл-Фараби даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан бастап Достық көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 09:30 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан бастап Шашкин көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 12:00 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Әл-Фараби даңғылы бойымен Шашкин көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 13:30 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Сайын көшесімен қозғалыс Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 05:00 бастап 13:30 дейін тоқтатылады. Батыс бөлігі ғана ашық болады», - делінген хабарда.
Соынмен қатар Абай даңғылының Сайын көшесінен бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі, Байтұрсынұлы көшесінің Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі бөлігінде сағат 05:00 бастап 14:00 дейін жол қозғалысы тоқтатылады. Солтүстік бөлігі автокөлік үшін ашық болады.
«Шашкин көшесінің Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі, Тимирязев көшесінің Шашкин көшесінен бастап Байзақов көшесіне дейінгі, Байзақов көшесінің Тимирязев көшесінен бастап Сәтпаев көшесіне дейінгі, Сәтпаев көшесінің Байзақов көшесінен бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігі 05:00 бастап 10:35 дейін жабылады. Бралық жолдар толығымен жабылады», - делінген хабарда.
Жолдарда қарбаластың болуына байланысты марафон қатысушыларына старт орнына (Республика алаңы) Абай даңғылы арқылы метромен немесе Абай даңғылы арқылы автобуспен (қозғалыс солтүстік жағымен) жетуге кеңес береді.
«Старт-мәре қалашығы жанында (Республика алаңы) көлікті тұраққа қалдыруда қиындықтар болатынын ескертеміз», - делінген хабарда.
21 сәуірде Алматыда марафонның өтуіне байланысты бірқатар көшелердегі жол қозғалысы жабылады
