22-23 қазанға Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – 22-23 қазанға Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 қазанда Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ күтілді. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтанда күндіз 22 қазанда солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«23 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с сақталады. 23-24 қазанда кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Тараз қ: 23-24 қазанда кей уақытта тұман күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«22 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ: күндіз 22 қазанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 22 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі», - деп атап өтті сарапшылар.
Дауылдың ықтималдығы - 70-75%.
«22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 күтіледі» - деп ескертті метеорологтар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«22 қазанда Қызылорда облысында батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Дауылдың ықтималдығы - 90-100%.
«22 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қ: күндіз 22 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
«22 қазанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, әлсіз көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қ.: 22 қазанда түнде аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, әлсіз көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage