Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ- 22-23 мамырда Алматы өзендерінде су деңгейінің көтерілу қаупі күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22-23 маусымда жаңбырдың болжауына байланысты Алматы қаласы өзендерінде су деңгейлерінің көтерілуі, су тасқыны, беткейлік ағының қалыптасуы күтілуде», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Бұған дейін хабарланғандай, Шығыс Қазақстан облысындағы гидрологиялық бекеттерде су деңгейі қауіпті белгіге жақындап қалған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26