22 қыркүйектен бастап Қазақстанға келуші ресейліктердің саны екі есе артқан

Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Алена Субботина. 22 қыркүйектен бастап Қазақстанға келуші ресейліктердің саны екі есе артқан, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.
«Егер ағымдағы жылдың 21 қыркүйегіне дейін Қазақстанға шамамен 9-12 мың ресейлік кіріп-шыққан болса, 22 қыркүйектен бастап олардың саны екі есе өскен», – деді дүйсенбі күні ІІМ брифингінде Аслан Аталықов. Көші-қон заңнамасын бұзушыларға қатысты шаралар қабылдануда.
Бұған дейін ҚазТАГ 40 мың ресейліктің Қазақстанды соңғы күндері транзит арқылы өткенін хабарлаған еді.

adimage