23-25 қаңтарда Қазақстанның басым облысында қар, бұрқасын және күшті жел күтіледі

Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – 23-25 қаңтарда Қазақстанның басым облысында қар, бұрқасын және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Республиканың басым бөлігі Ресей және Скандинавия түбегінің солтүстік аймақтары арқылы жылжитын атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында қалады. Сондықтан көптеген облыстарда қар, бұрқасын, батыстан екпінді жел соғатыны күтіледі. Солтүстік облыстарда желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Болжамға сәйкес, ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 5...8°С, солтүстік облыстарда 8…13°С жоғары сақталады

adimage