23-25 мамырда Қазақстанда жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі

Күні: 16:11, 22-05-2020.

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – 23-25 мамырда Қазақстанда жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан барлық дерлік аумақта жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады деп күтілуде», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Алайда кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және батыста шаңды дауылдар сақталады.
«Тек бірінші күні, фронтальды бөлімдердің ықпалымен батыс өңірлерде кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: