23 қыркүйекте Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:16, 22-09-2020.

Астана. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – 23 қыркүйекте Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23 қыркүйекте Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ: 23 қыркүйекте таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«Күндіз 23 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: күндіз 23 қыркүйекте оңтүстік- батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.
«23 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылдың ықтималдығы - 80-85%.
«23 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады», - деп ескертті метеорологтар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.
«23 қыркүйекте Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай қ: 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі», - деп жазды баспасөз қызметінен.
Дауылдың ықтималдығы - 90-95%.
«23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Семей қ.: күндіз 23 қыркүйекте жел екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылдың ықтималдығы 90-100%.
«23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде түман күтіледі. Түнде 23 қыркүйекте облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Қарағанды қ.: 23 қыркүйекте онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: күндіз 23 қыркүйекте онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидрометтен».
Дауылдың ықтималдығы - 70-75%.
«23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 23 қыркүйекте күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылдың ықтималдығы - 90-95%.
«23 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: 23 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылдың ықтималдығы 85-90%.


Жаңалықтармен бөлісу: