Астана. 26 шілде. ҚазТАГ - 24 жасар қазақстандық Таиландта көші-қон түрмесіне қамауға алынды, деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
«1995 ж.т. қазақстандық алты айдан астам уақыт бойы Таиланд аумағында «еркін» турист ретінде мерзімі өтіп кеткен визамен жүрген. Оған жер аудару қаупі төніп тұр. Қыз баланы Бангкок әуежайында ұстаған. Елші өзі онымен байланысқа шықты. Ол шынымен де Қазақстан азаматы. Шешім шығарылғанға дейін көші-қон түрмесіне қамауға алынған», - деді Смадияров жұма күні.
Ол нақтылағандай, қазақстандыққа қатысты шешім келесі аптада шығарылады.
«Алдын-ала болжам бойынша оны жер аудартады. Әзірге қылмыстық жауапкершілік туралы айтып жатқан жоқ. Оны қамауда ұстау жағдайына қатысты шағым жоқ», - деді ҚР СІМ ресми өкілі.
Сондай-ақ, ол нақтылағандай, Таиландта қазақстандық азаматша РФ азаматымен бірге болған.
24 жасар қазақстандық Таиландта көші-қон түрмесіне қамауға алынды
