Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ - 25-27 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын күтіледі және көру деңгейі нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Бір циклон Батыс Сібір аймағынан өтпей жатып, кезекті циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне өз әсерін тигізеді. Соған байланысты тағы да қар, кей жерлерде қатты қар, көріну қашықтығын 50...200м-ге дейін нашарлататын бұрқасын, сондай-ақ дауылды жел күтіледі. Оңтүстікте және батыста жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын, жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болжанады. Ауа температурасының ауытқуына қарамастан, алдағы үш тәулікте оның көрсеткіші көпжылдық орташа мәннен 4...10°С жоғары болады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51