25 қараша күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ – 25 қараша күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«25 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Дауылдың ықтималдығы - 85-90%.
«Күндіз 25 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Актау қ: 25 қарашада күндіз қатты жаңбыр күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.
«25 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі», - деп атап өтті сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.
«25 қараша Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жанбыр) күтледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: 25 қарашада тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.
«25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Петропавл қ: 25 қарашада тұман күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы- 90-95%.
.

adimage