25 мамырдан бастап Қазақстанның барлық қалалары арасында ұшулар толығымен қайта басталады

Күні: 17:41, 22-05-2020.

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – 25 мамырдан бастап Қазақстанның барлық қалалары арасында ұшулар қайта басталады, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Еліміздің барлық әуежайлары жұмыс істей бастайды, ал әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес белгілейтін болады», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда нақтылағандай, ұшақтар көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтай отырып, яғни жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, сенсор термометрмен дене қызуын өлшеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұшады және әуежайлар мен ұшақтарда күшейтілген залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
14 мамырда хабарлағандай, ТЖ режимінен кейін Нұр-Сұлтаннан Алматы мен Шымкентке, Ақтау мен Оралға әуе рейстері қайта басталды.
Сосын 22 мамырда 25 мамырдан бастап Атыраудан ҚР басқа қалаларына ұшуларды қайта бастау жоспары белгілі болды.


Жаңалықтармен бөлісу: