26 ақпанға Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – 26 ақпанға Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту  жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 ақпанда Ақмола облысында түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, түнде 26 ақпанда бұрқасын күтіледі. Түнде 26 ақпанда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ: 26-28 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«Түнде 26-27 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус қатты аяз күтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 80-85%.
«26 ақпанда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. 26 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз қүтіледі. Қарағанды қ: 26 ақпанда жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі. Жезқазған қ: 26 ақпанда түнде 35 градус қатты аяз күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.
«26 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 25С қатты аяз күтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-75%.
«Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: жаяу бұрқасын күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 95-100%.
«26 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«26 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 75-80%.

adimage