27 ақпанда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:42, 26-02-2021.

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – 27 ақпанда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 27 ақпанда Ақмола облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«27 ақпанда Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Қызылордада 27 ақпанда тұман күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен
Дауылды ескертудің ықтимадығы 85-90%.
«27 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.Қостанай қ.: күндіз 27 ақпанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 80-85%.
«Күндіз 27 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.
«27 ақпанда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. 27 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз қүтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-75%.
«27-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 95-100%.
«27 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 27 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.


Жаңалықтармен бөлісу: