27 мамырда Жамбыл облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Астана. 26 мамыр. ҚазТАГ – 27 мамырда Жамбыл облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«27 мамырда күндіз Жамбыл облысында +40 дейін қатты ыстық күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«27 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage