27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады

Астана. 24 тамыз. ҚазТАГ – 27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, министрлік екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен жұмыс жүргізді.
«Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп, және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларына қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

adimage