28 қыркүйектен бастап Алматыда Айманов көшесінің бөлігінде екі жақты қозғалыс енгізіледі

Күні: 15:55, 24-09-2018.

Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - 28 қыркүйектен бастап Алматыда Айманов көшесінің бөлігінде екі жақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.  
«Алматыда Жандосов пен Темірязев көшелерінің арасында Айманов көшесінің бөлігінде екі жақты қозғалыс енгізіледі.   Бұл ретте  көлік тұрақтарын жолдың батыс бөлігінен ұйымдастыру қарастырылған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш шара Темірязев көшесінен Жароков көшесіне сол жақтан бұрылыс болмаған жағдайда оңтүстік бағыттағы Жароков көшесіне бұрылуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Аталмыш учаскедегі жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңа схемасы  ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде енгізіледі», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: