3-4 сәуірде СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – 3-4 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«3-4 сәуірде СҚО-да кей жерлерде тұман күтіледі. 3 сәуірде тәулік бойы, 4 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда 3 сәуірде тәулік бойы, 4 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage