3 наурызға Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 2 наурыз. ҚазТАГ - 3 наурызға Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту  жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«3 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 3 наурызда күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«03 наурызда Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: күндіз 3 наурызда жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«3 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады, таңертең және күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 3 наурызда кей уақытта тұман сақталады», - деп атап өтті сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 80-85%.
«03 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қ.: 03 наурызда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.
«3 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 3 наурызда түнде тұман күтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-75%.
«03 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 95-100%.
«3 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ: түнде және таңертең 3 наурызда тұман күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 3 наурызда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage