Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – 30 қазанға Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде және таңертең 30 қазанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«30 қазан Атырау облысының оңтүстік-шығысынан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«30 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстіктен-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Актау қ: 29 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.
«30 қазанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.
«30-31 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі», - деп жазды баспасөз қызметі.
Дауылдың ықтималдығы - 70-75%.
«30 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан, жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34