30 қазанға дейін Үлкен Алматы өзені арқылы Жандосов көшесінің бойындағы автокөлік қозғалысы батыс бағытта шектеледі

Күні: 16:15, 09-10-2018.

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ - 30 қазанға дейін Үлкен Алматы өзені арқылы Жандосов көшесінің бойындағы автокөлік қозғалысы батыс бағытта шектеледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Үлкен Алматы өзені арқылы Жандосов көшесіндегі көпірдің қайта салынуына байланысты батыс бағыттағы автокөлік қозғалысы ағымдағы жылдың 10-30 қазаны аралығында шектеледі», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Сондай-ақ, әкімдікте нақтыланғандай, екі бағыт бойынша да көліктер уақытша Жандосов көшесінің оң жағымен жүре алады.  


Жаңалықтармен бөлісу: