Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – 30 елдің БАҚ өкілі Санкт-Петерборда өтетін «Мәдениеттер тілдесімі» атты Еуразия жас журналистерінің ІХ медиафорумында бас қосады, деп хабарлады «Журналистер достастығы» медиаконгресінің төрағасы Ашот Джазоян.
«Журналистер медиаконгресі мен мемлекеттік Эрмитаж «Россотрудничество» Федералды агенттігі мен форумның ресми серіктесі «РЖД» ААҚ-ның қолдауымен, Ресей Журналистер Одағымен, халықаралық телевидение және радио академиясымен және Санкт-Петербор университетімен бірлесіп 2014 жылдың 18-20 қарашасында Санкт-Петерборда «Мәдениеттер тілдесімі» атты Еуразия жас журналистерінің ІХ медиафорумын өткізеді», - деп хабарлады А. Джазоян дүйсенбі ҚазТАГ агенттігіне.
«Мәдениеттер мен конфессиялардың толерантты бейбіт қатар өмір сүру саясатында әр түрлі елдердің медиялық қауымдастығының тәсілдері мен тәжірибесін талқылау үшін, 300-ден астам дәстүрлі баспасөз журналисі мен Ресей, Азия және Еуропаның жаңа медиа өкілдері адамзаттың мәдени мұрасы айрықша көрнекі таныстырылған әлемнің ірі мұражайына жиналады», - деп толықтырды әңгімелесуші.
Оның айтуынша, ұлттық мәдениеттердің бүгінгі ахуалы мен тілдесімді жолға қою, сан алуан мәдениеттердің, нәсілдер мен діндердің жанжалды қақтығыстарын еңсерудегі БАҚ-тың әлеуетін пайдалану туралы жас журналистерге «Өркениеттер тілдесімі» Дүниежүзілік форумының негізін қалаушы президенті Владимир Якунин мен «Россотрудничество» ФА Константин Косачев айтып береді.
«Жаһандық қарама-қарсылықтың қиратушы пішініне ие болып жаңа қауіп-қатерлерге ұласып кетуі мүмкін ұлттық және діни төзбестік көңіл-күйлердің жандануы жалпыәлемдік көлемдегі беймаза үрдіс болып табылады. Және біздің мақсатымыз – Ресей мен Еуразия елдері журналистерінің арасында жаңа серіктестік қарым-қатынастар құру және алдағы уақытта елдердің ұлттық элитасына, соның ішінде БАҚ басшылығына енетін, және де көп жағдайда өз елдерінің қоғамдық пікірін қалыптастыруға жәрдемдесетін жаңа буын өкілдерінің трансшекаралық жобаларын құру үдерісіне тарту», - деп баса айтты А. Джазоян.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Мәдениеттер тілдесімі» форумы БАҚ-тың жас өкілдеріне әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен әлемдік діндердің пайда болу ортақтығы мен өзара ықпалдастығын, олардың мызғымастығы мен жасанды қарама-қарсы қоюдың мүмкін еместігін паш етуге арналған, ал Эрмитаж журналистердің тілдесімі үшін тектен-тек таңдалмаған.
«Мұнда БАҚ өкілдері халықтың сақталған, тазартылған және мұқият іріктелген ес-зердесімен кездесуге мүмкіндік алады. Ондай қатынасты өсіру қажет. Оның арқасында әлем шарттылықтан арылып, тілектес бола түседі», - деп санайды Эрмитаж директоры Михаил Пиотровский.
Ол сондай-ақ форумға қатысушыларды көптеген өзгеше дүниелер күтіп тұрғанын атап өтті: Сарай алаңында флешмоб өткізіліп, «селфи» акциясы өтеді.
«Жастардың дәмді тағам немесе әдемі пейзаж фонында өздерін фотоға түсіргенді жақсы көретіндерін білеміз. Акция «Мен Эрмитаждамын» кәсіби селфиі» деп аталмақ. Әріптестер мұражайларға «кәсіби түрде кіріп келіп», онда өздерінің фотосуреттерін жасаулары үшін «мұражайлардағы селфи» акциясын бастап жіберіп бұл қозғалысты Ресейдің әр түрлі өңірлерінде дамытуды ұсынғымыз келеді», - деді Эрмитаж директоры.
«Елестетіңізші, бізде Ресейде елдің 151 халықтың өзіншелігін танытатын қанша керемет мұражайлар мен қандай бірегей экспонттар бар, ал егер біз өзіміздің селфиімізді басқа елдердің журналистерімен алмастырар болсақ, бұл біз талпынып отырған мәдениеттер тілдесімінің өзі болмақ», - деп толықтырды ол.
Медиафорум қатысушылары Эрмитаждың 250 жылдығына орай тек залдарда ғана емес, мұражай қоймаларына еніп, Санкт-Петербор туралы өз репортаждарын жасау бойынша бірегей мүмкіндігікке ие болады.
Қонақтар арасында 30-дай елден келген түсірілім топтары мен фототілшілер болады, соның ішінде Армения, Беларусь, Венгрия, Грекия, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Польша, Сербия, Словакия, Франция және т.б. елдерден, Ресейдің 42 өңірінен 100 жас қатысушы келеді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50