30 маусымнан бастап Нұр-Сұлтаннан Алакөлге жолаушылар пойызын шығару жоспарлануда

Күні: 16:09, 28-06-2019.

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – 30 маусымнан бастап Нұр-Сұлтаннан Алакөлге жолаушылар пойызын шығару жоспарлануда, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 30 маусымынан бастап 30 тамызға дейінгі аралықта аптасына екі рет «Нұр-Сұлтан - Достық» бағытында жүретін жолаушылар пойызы іске қосылады», - делінген жұмадағы хабарда.
Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына сапарларын алдын ала жоспарлап, ертерек жол жүру билеттерін алуды ескертеді.


Жаңалықтармен бөлісу: