Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – 30 шілде – 1 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жақын күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр, батыста, солтүстік-батыста - кей жерлерде қатты жаңбыр, күндізгі ауаның температурасы 17-25°С дейін төмендейді. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы және 35-40°С қатты ыстық сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, дауылды жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген дүйсенбіде таратылған 30 шілде -1 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамында.
30 шілде – 1 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
