34 Өзбекстан азаматы мінген автобус Самара-Шымкент тас жолында аударылды

Күні: 10:51, 23-11-2018.

Қызылорда. 23 қараша. ҚазТАГ - 34 Өзбекстан азаматы мінген автобус Самара-Шымкент тас жолында аударылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Кеше шамамен сағат 20.20-да Шымкент-Самара тас жолында Арал қаласынан 40 ш. жерде Ресей Федерациясы-Өзбекстан Республикасы бағытындағы Шымкент-Новосібір автобусы аударылды. (Қызылорда облысы жергілікті полиция қызметінің ақпарынша – ҚазТАГ) Автобус салонында 36 жолаушы болған, оның 34-і Өзбекстан азаматтары. Олар Ресейден үйлеріне қайтып бара жатқан, екі жүргізуші –Қазақстан азаматтары», - деп хабарлады Қызылорда облысы өңірлік коммуникация қызметінен.  
ӨКҚ хабарлағандай,  оқиға орнына көмек көрсету және зардап шегушілерді ауруханаға жеткізу үшін Арал аудандық әкімдігі мен  аудандық ТЖ басқармасының қызметкерлері барды. Оқиға орнында 10 бірлік арнайы қызмет техникасы жұмыс жасады.  
«Екі адам ауруханаға жеткізілді, денсаулықтарына қауіп төніп тұрған жоқ. Бір жолаушы ауыр жарақат алғандықтан, Арал ОАА (орталық аудандық ауруханасы – ҚазТАГ) көз жұмды», - деді Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Ақмарал Альназарова.
Сондай-ақ, ӨКҚ хабарлағандай, Арал аудандық әкімдік қызметкерлері 17 жолаушыны жол шетіндегі қонақүйге орналастырды. Қалғандары өз беттерімен Новосібірге жолға шықты.


Жаңалықтармен бөлісу: