340 мыңдай қазақстандық БЖТ төлеген – еңбекмині

Күні: 17:18, 31-10-2019.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанның 340 мыңдай азаматы 2019 жылдың басынан бері бірыңғай жиынтық төлем төлеген.
«(2019 жылы –ҚазТАГ) 1 қаңтарынан 30 қыркүйегі аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы бірыңғай жиынтық төлемді төлеу бойынша 339 934 төлем тапсырмасын рәсімдеген. Сәйкесінше, сонша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар БЖТ төлеген. Бірақ жаңа жылдан бастап ол міндетті статусқа өтеді, сәйкесінше, бұл сан (БЖТ төлеушілер –ҚазТАГ) артады», - деп хабарлады бейсенбіде ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов қоғамдық тыңдалым барысында.
Еске салсақ, бірыңғай жиынтық төлем жарнасы республикалық және облыстық маңыздағы қалалар, елорда үшін 1 АЕК (Т2525), басқа елдімекендер үшін 0,5 АЕК құрайды. БЖТ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген.


Жаңалықтармен бөлісу: