4-6 сәуірде ҚР солтүстік облыстарында күн салқындап, жылымық қар жаууы мүмкін

Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ – ҚР солтүстік облыстарында 4-6 сәуірде жаңбырдың арты қарға ұласуы, оңтүстік облыстарда нөсер жаңбыр жаууы, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жерорта теңізінің белсенді циклонымен жаңбыр, Қазақстанның батыс облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр жауды. Алдағы тәулікте бұл циклон толып, шығысқа қарай жылжыйды, ал онымен байланысты атмосфералық фронттар республикамыздың көптеген облыстарында жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, қатты екпінді жел алып келеді. Солтүстік облыстарда жаңбыр жылбысқы қарға ұласуы мүмкін, оңтүстік облыстарда кей жерлерде күшті жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Циклон және суық фронттардың артынан Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймақтарынан антициклон жылжыйды, онымен ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республикамыздың солтүстік бөлігінде түнгі температура 0-ден минус 5°С дейін төмендейді», - делінген хабарда.

adimage