40 қазақстандық содыр мен олардың 65 әйелі шет елдің бірқатар террористік ұйымдарында қалып отыр

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ - 40 қазақстандық содыр, олардың 65 әйелі мен басқа да отбасы мүшелері шет елдің бірқатар террористік ұйымдарында қалып отыр, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінен.
«Бүгінгі күнге дейін 40 қазақстандық жауынгерлер, олардың 65 әйелдері мен басқа да отбасы мүшелері шет елдің бірқатар террористік ұйымдарында жүр», - делінген бейсенбідегі хабарда.
ҰҚК атап өткендей, Қазақстан үшін потенциалды террористік қауіп-қатер сақталуда.
«Елімізде террористік қызметке қатысы болғаны үшін іздеуде жүрген 31 шетелдік азаматтары ұсталды және белгіленген тәртіпте басқа мемлекеттерге берілді», - делінген ведомство хабарында.
ҰҚК нақтылағандай, қоғамда ауқымды түсіндіру және оңалту жұмыстары жүргізілуде.
«907 тұлға радикалданудан бас тартты. Құқыққа қайшы келетін әрекетке жол бермеуге қатысты қылмыстық іс жүргізу шаралары тек қана сенімін өзгертуге берілмеген тұлғаларға ғана қатысты қолданылады. Бас бостандығынан айыру орындарында 162 сотталушы радикалсыздандырылды. Интернеттің веб-ресурсында 14,5 мыңнан астам террористік контент сілтемелері айқындалды. Оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті ұлттық қауіпсіздік комитетінен.

adimage