5-8 сәуір аралығында Кіші Алматы өзенінің су алабында қар көшкінінің жүру қаупі сақталуда

Күні: 10:55, 05-04-2019.

Алматы. 5 сәуір. ҚазТАГ - 5-8 сәуір аралығында Кіші Алматы өзенінің су алабында қар көшкінінің жүру қаупі сақталуда, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
«Күннің жылынуына, жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 5-8 сәуір арылығында Кіші Алматы өзенінің су алабында қар көшкінінің жүру қаупі сақталуда», - деп хабарлады жұма күні Алматы ТЖД.
Құтқарушылар болжамның «Қазгидромет» РМК филиалының дауылды ескертуіне негізделгенін нақтылады.


Жаңалықтармен бөлісу: