5 қазақстандық компания Сауд Арабиясына ет өнімдерін экспорттайтын болды

Астана. 9 тамыз. ҚазТАГ – 5 қазақстандық компания Сауд Арабиясына ет өнімдерін экспорттайтын болды, деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясының Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер басқармасы арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастық нәтижесінде қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілді. Олар: «Алтын қазық» ЖШС (Ақмола облысы), «Ақтөбе ет кластері» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Empire Food» ЖШС (Алматы облысы), «Meat Processing and Service LLP» ЖШС (Алматы облысы), «Кублей» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы)», - делінген дүйсенбдегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Бұған дейін 2021 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын.
«Осылайша, отандық кәсіпкерлер басқа елдердің аумағында қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын игеруді жалғастыруда», - деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінен.

adimage